Қарабатыр тұғырға қонды

Oinet.kz 23-10-2019 684

Screenshot_19.jpg    

Бәйдібек ауданында Қарабатыр ескерткіші ашылды. Бүкіл өмірін ат үстінде өткізген бабаға арналған ескерткіш Қызылкөпір жерінде қасқайып тұр. Шара барысында Қара батырға ұрпағы құрмет көрсетіп, ат шаптырып, ас берді.

Қызылкөпір елді мекенінің тұрғындары Бәйдібек ауданына қарағанмен, жерінің бір бөлігі Арысқа тиесілі. Сондықтан Түркістан облысындағы қос ауданда ұлан асыр той өтті. Жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармасына арқау болған Қызылкөпірде Қарабатыр ескерткіші бой көтерді. Азан шақырып қойған есімі Тілеуке. 1694 жылдардың шамасында Қаратаудың күнгей беткейіндегі Қостұрадан бастау алатын Бөген өзенінің бойында дүниеге келген. 16 жасында қалың қамыс арасындағы жолбарысқа жалғыз барып, оны өлтіріп батыр аты шыққан деген дерек бар.  60 жасына дейін аттан түспей, ел қорғаған Тілеуке батырдың 325 жылдығына орай қойылған ескерткішті Шымкент-Түркістан тас жолының бойынан көресіз.

Тілеуке батыр ескерткіші темір-бетон және тастан жасалып, гранитпен қапталған. Жалпы биіктігі 15 метр, батыр бейнесінің биіктігі 5 метр. Монумент авторы – Ерғали Мұстафаев. Ескерткішке жұмсалған қаржы шамамен 50 миллионды құрайды. Бұл ұрпақтарының батырға көрсеткен құрметі, алғысы. Елдің түкпір-түкпірінен келгендер ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне куә болып, сәулеттік көрінісін көзбен көрді.


«Сен қоғамға керексің»
Атаңнан бота емес бата қалсын!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу