«Сен қоғамға керексің»

Oinet.kz 22-10-2019 671

Screenshot_18.jpg

Төле би ауданы әкімдігі, аудандық пробация қызметі және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бас бостандығынан айырылған және пробация қызметінде тұратын азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында жиын өтті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша іс-шараға пробация қызметінің басшысы, әділет майоры А.Қамбарбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаева, кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалының директоры Х.Әшірбеков, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен пробация қызметі есебінде тұратын азаматтар қатысты.

Кездесу барысында жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жеңілдетілген шағын несие және жастарға бизнесті ашу үшін қайтарымсыз гранттар жөнінде, пробация қызметі есебінде тұратын азаматтардың әлеуметтік жәрдем алуы, психологиялық көмек және жұмысқа орналасу т.б. қызметтердің көрсетілуі және Аудандық пробация қызметінің 9 айлық есебі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы айтылды.

Пробация қызметінің басшысы, әділет майоры А.Қамбарбаев пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды қоғамнан оқшауламау мақсатында аудан өміріне белсене араласуға және қайта қылмыс жасамауға шақырды.


Омаров Түркістанның ауыл шаруашылығына оң баға берді
Қарабатыр тұғырға қонды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу