Жас барыстар жарысты

Oinet.kz 20-10-2019 704

Screenshot_4.jpg   

Биыл  Шардара ауданына  55 жыл толып отыр. Ауданның мерейтойын билік өкілдері мен  тұрғындар атаусыз қалдырмай көптеген іс-шараларды ұйымдастыруда. 

Таяуда мерейтой қарсаңында шағалалы ауданда  «Жас барыс» Республикалық турниріне іріктеу жарысы басталды. Аудан әкімінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қатысып , спорттық іс-шараны ашып берді. Іс – шара барысында аудан басшысы Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Пазылбек Қайрат пен қазақ күресінен ҚРСШ бірнеше дүркін түйе палуан Қуат Байходжаевты аудан әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Түйе палуан өз сөзінде жастарға спортты жан тәнімен сүю керектігін және жеңіске жетуде тайсалмау керектігін айтты.  Жарыс барысында «жас барыстар»  өз күштерін сынап, мықтылығын дәлелдеді.  

   Спорт сүйер қауым жастарды спортқа баулитын осындай игі іс-шараларды көптеп өткізуге ұсыныс  айтып, аудан басшысына алғыстарын жеткізді.  Айта кетейік, бүгінде ауданнан шыққан талай спортшылар ел намысын әлемдік додаларда қорғап жүр. 


Маңғыстау аңыздары. Бекет
«Бақытты отбасы» нәтижесін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу