Өз бағаңызды қалай жоғарылатуға болады?

Oinet.kz 28-02-2019 1127

271-1476212715-8c65e9fe35.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

 Өзін бағалау бар адамда бар қасиет, бірақ көбісі өзін дұрыс бағалай білмейді. Біз өзімізді төмен санаған сайын комплекс көбейіп, қорқыныштар мен күйзелістер көбірек орын алады, Ол дұрыс емес.

 Барлығы тәрбие мен талпынысқа, әбден жетілдіруге байланысты. Сонымен өз бағаңызды көтеріңіз, бастысы, өзіңізге сеніңіз, шыдамдылық танытып, алға қойған мақсатыңызға жетуге тырысыңыз. Осы тұрғыда өзін бақалардан кем санайтын бойжеткендерге бірнеше кеңес ұсынамыз.

  • Өзіңізді сынағанды қойыңыз. Жұмыста бір тапсырманы ыждахаттылықпен орындап бітсеңіз, ол ойлағандай болмаған күннің өзінде өзіңізді мақтап қойыңыз. Жұмыс бітті, жақсы атқардыңыз, олай еткенде тіпті жақсы болатын еді деген сөздердің керегі жоқ. Кемшіліктер болса, болашақта жөндей бересіз. Алға, жаңа белестерге ұмтылыңыз.

  • Өзіңізге жағдай жасаңыз. Бағаңызды жоғарлатудағы басты нәрселердің бірі-сыртқы келбет. Сондықтан, ұзақ ұйықтаңыз, жақсы тамақтаныңыз, дене жаттығуымен айналысыңыз, бетіңізге маска, қолға маникюр жасаңыз. Шаш үлгіңізді өзгертіп, киіміңізді жаңалаңыз, ескі заттардан арылыңыз.

  • Қуаныңыз. Киноға барыңыз, қорқынышты аттракциондарға мініңіз, кафеге отырыңыз. Тек достармен қыдыру шарт емес. Сіз толыққанды тәуелсіз адамсыз, кештерден ләззат алыңыз.

  • Өзіңізге сый беріңіз. Торт, серуен,ұйқы. Әр жеткен жетістіктеріңіз үшін өзіңізді мақтап тұрыңыз.

  • Сүйкімді екеніңізді қайталап айтып жүріңіз.

  • Кешіре біліңіз. Бірнәрсе сіз ойлағандай болмай қалса, өзіңізді кінәламаңыз,әсіресе күш салып  істеген болсаңыз. Өзіңіздің ең жақсы екендігіңізге сеніңіз. Қолыңыздан келмесе қайталай беріңіз, сенім өзі келеді.

  • Бәріне бірдей жағуға тырысыңыз. Бәріне бірдей жағуды ойласаңыз,күйзеліс пен қиыншылыққа, өзіңізді қамшылауға дайын болыңыз.

  • Қорықпауға және өз қателіктеріңізден сабақ алуға үйреніңіз.  Қателік жіберсеңіз, жөндеңіз,екінші сол  қателікті  қайталамайтындай қорытынды жасаңыз.

  • Және мүлтіксіз жан-жақты болуға тырыспаңыз. Өзіңізге деген сенім- кәсіби өмірдің де дербес жетістіктің де кепілдігі, өзін биік бағаламайтындар өзіне сенімсіз келеді.

Сондықтан, өз бағаңызды жоғарлатып отырсаңыз, сонда жолыңыздағы қиыншылықтардың өзі сізден қашатын болады. Іске сәт!

Дереккөз : anabol.kz

Іш бұлшықетін шынықтыру немесе қыздар үшін пайдасы бар ма?
Зергерлік бұйымдарыңыз жаңа тәрізді жарқырап тұрсын десеңіз..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу