Адамдармен қалй жақсы қарым-қатынаста болуға болады?

Oinet.kz 28-02-2019 1913

991-1476219168-91d9e3d34a.png

Қарым-қатынаста көркем мінезді болыңыз.

Адамады  ізгілікке  жетелейтін  адами құндылықтардың  маңызды  жүйесі, тұлға аралық  қарым-қатынастың  дұрыс болуы. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау дегеніміз не? Жауабын  білгіңіз келсе, жақсы қарым-қатынасты қалайтын болсаңыз, төмендегі кеңеске   құлақ   түріңіз:

1. Қызметтік қарым-қатынастар.

  • Қызмет  бабында  өз  жеке  мәселеңізді  әріптестеріңізге  айтпауға  тырысыңыз. Неге? Өйткені  өз  жұмысымен  басы қатып отырған әріптесіңіз  сіздің  әңгімеңізден  жалығуы  мүмкін.

  • Әріптесіңіздің  көңіл-күйіне  мән  беріңіз. Көңіл-күйі  жоқ болса  мазасын алмауға тырсыңыз.

  • Егер  сіз  басшы  немесе, орынбасар болсаңыз, үлкен жиналыстарда  әріптесіңіздің  жұмысы  көңіліңізден  шықпаса , жеке  қабылдауға шақырып  мән  жайды  түсіндіріңіз. Осы жерде мына төмендегі керемет  сөзді  есте сақтауға  тырысыңыз.

  • - Сеніңше, ең жоғары  адамгершілік  қасиет не?  - Біреуді ұялудан  құтқару.  Ф.Ницше.

  • Әріптесіңізбен  жақсы  қарым-қатынаста  болу  үшін,  жылы  сөз  айтыңыз.

  • Сыйлық жасаңыз  арада  сыйластық пайда болады. Сыйлық жасау  міндет  емес. Тек  шынайы  көңілде  екенін  түсініңіз.

  • Әріптестеріңізге  өз өмірбаяныңызды  айтып, мақтана бермеңіз. Тыңдаушы  әріптестеріңізде  сіздің  әңгімеңізден жалығып кетуі  мүмкін.

2. Жеке  қарым-қатынастар.

  • Өзіңіз  дос  тұтып  жүрген құрбыңыз  немесе, досыңыз  болса  айтыңыз. Сізді біле жүрсін.

  • Үлкеннің  ақылын  тыңдау, сөзге тоқтау, түлкен-кішіні сыйлау- инабаттылықтың  көрінісі.  Ғ. Мұстафин.

  • Үлкен кісі өз ақыл-кеңесін айтса  аяғына  дейін, бар ынтаңызбен тыңдаңыз.

  • Ата-анаңызбен  сөйлескенде  әдепті  болыңыз.

  • Ата-ананың  ақыл-кеңестері, өмірлік  тәжірбиеден жинақталған  тәлім-тәрбиесі мол құнды жақұтты сөздер. Айтылған кеңестерін қолдана біліңіз.

  • Үш адам тұрып екі адам өздігінен сыбырласуға болмайды,үшінші адам өзін ыңғайсыз  сезінуі  мүмкін.

  • Құрбыңызды қызықтыратын  әңгімелер айтыңыз. Өзіңіз туралы көбірек айтсаңыз, құрбыңыз сіздің  әңгімеңізден  жалығып кетуі  мүмкін.

  • Өзіңізді  өзгелер сыйласын  десеңіз, бірінші  өзіңізді сыйлаңыз. Сосын өзгелерді сыйлаңыз.

  • Жақсы мақтауларды достарыңызға жиі айтып тұрыңыз.

  • Дөрекі болу-  өз басыңның  қадір-қасиетін  ұмыту  деген сөз. Н.Г.Чернышевский

  • Адами қарым-қатынастың  маңыздысы қарым-қатынаста  дөрекі болмай, кішіпейіл  болыңыз.

  • Сізден кіші адам ақыл сұраса, қызғаншақтықпен жауап бермей қойған сұрағына шын көңіліңізбен  жауап беріңіз. Мүмкін сіздің  сол кісіге қайтарған жауабыңыз, өмір бойы есінде сақталуы мүмкін.

  • Жақсы  қарым-қатынас әрқашанда өзгелерді қызықтыратыны рас.  Өзгелерге үлгі болсын десеңіз, жүрегіңізді  мейіріммен нұрландырыңыз. Сыйластығыңыз кішіпейілділіктен бастау алсын.

  • Жақын жандарды ренжіткен болсаңыз,татуласуға қадам жасаңыз.

  • Сіздерге сәттілік тілеймін. Іске сәт! 

Дайындаған: ҚР "Қазақ психологиялық қоғамы" бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Баланы дәрет ыдысына (горшокқа) отырғызуға қалай үйретуге болады?
Адамдарды қалай жақыннан тануға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу