Үш жаңа департамент құрылды

Oinet.kz 01-10-2019 683

Screenshot_16.jpg

Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде  үш жаңа департамент құрылды. Олар  Превенция, Парасаттылық, Серіктестік деп аталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды.  

Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы аудан/қала әкімдері қатысты.

Жиында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы шешіміне сәйкес, қайта құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты миссиясы – ел игілігі үшін сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу екендігі атап өтіліп, барлық бастамалар әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтары негізінде жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Комиссия мүшелеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей коммуникациялық формалық стилі, яғни аталған үш құндылық негізінде әзірленген Агенттіктің елтаңбасы мен логотипі таныстырылып, олардың мән-мазмұны кең көлемде түсіндірілді.

Сондай-ақ, мамандар бүгінгі күні басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, алдын алу екендігін баса айтты.  

Жиын соңында комиссия мүшелері мен оның отырысына қатысқан барлық мекеме басшыларына арнайы әзірленген Агенттіктің жаңа имиджі туралы ақпараттық кітапшалар таратылды.

Қарбыздың шырынын кәдеге жаратуға болады
Мәселесін тез шешіп береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу