Мәселесін тез шешіп береді

Oinet.kz 02-10-2019 623

Screenshot_6.jpg

Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Open Space» форматында  Қоғамдық қабылдау кеңсесі ашылды. Аталмыш мекеменің жұмысымен жақында  Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов пен өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев танысып шықты. Қала орталығында орналасқан кеңседе облыс тұрғындары электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады. Қонақтарды қоғамдық қабылдау кеңсесімен партияның облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Осы орайда, Қоғамдық қабылдау тұрғындардың шешімін таппаған мәселелерін шешуге атсалыспақ. Айта кетейік, мұндай форматтағы қабылдау облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістанда ашылып отыр. Он күннің ішінде «Open Space» форматында ашылған қоғамдық қабылдауға 184 азамат өтініш білдірген. Сондай-ақ дәл осы жерде аймақ басшысының өзі де халықпен кездесіп, олардың мәселесін шешуге ықпал ететін болады. 


Үш жаңа департамент құрылды
Түркістан маңы жасыл желекке оранады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу