Қарбыздың шырынын кәдеге жаратуға болады

Oinet.kz 01-10-2019 803

Screenshot_15.jpg

Ордабасы ауданында жылына екі рет өнім жинайтын шаруа қожалық бар. «Ақ-Орда-Б» ЖШС 20 жылдан астам уақыт егіншілікті кәсіп етіп етеді.  Шаруалар мұнда ерте көктемде Голландиялық картоп егіп пайда көрсе  артынша қырыққабат отырғызған. Жақында  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аталмыш егін алқабын өз көзімен көріп қайты.  Егіншілікті дамытып отырған кәсіпкермен кездесіп, бірінші кезекте өнімнің сапасына көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті. 

Облыс әкімі бұдан кейін 130 гектар жерде жаңа технологиямен, сусыз қарбыз өсірген мамандардың жұмысымен танысты. Олар алдағы уақытта 40 гектардан жиналған қарбыз дәнін АҚШ-қа экспорттауды жоспарлап отыр. Шетелдіктер дәл осы қарбыздың дәнін косметика индустриясында пайдаланады, дейді шаруалар. Алайда Ө. Шөкеев кәсіп иелеріне еңбекпен келген дүниені ысырап етпей, қарбыздың шырынын өңдеп, қалдықсыз өнім шығаруды қолға алуды тапсырды. Жалпы, Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында 18 бағыт бойынша 46 жобаны іске асыру жоспарланған. Облыс басшысы жұмыс сапары барысында «STANDARD PETROLEUM & CO» ЖШС-нің мұнай-химия зауытында болды. Жаңадан бой көтеріп жатқан комбинаттың жобалаушы компаниясы – Ресейлік «ЭТН-Циклон» ғылыми өндірістік бірлестігі. Зауытта АИ-92 және АИ-95 маркілі бензин, дизель жанармайы, сұйықталған газ бен кокс шығарылатын болады. Жылына 2 миллион тонна шикізат өңдейтін өндіріс орнының құрылысы 2021 жылы аяқталуы тиіс. Сондай-ақ облыс басшысы Сайрам ауданында болып жаңадан ашылған «Қарабұлақ» мал базарының жұмысын көрді. Аймақ басшысы базар басшылығына білікті мамандарды жұмысқа тартып, малдан тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын қолға алуды тапсырды.


Жомарт жандар 3 отбасыны баспаналы етті
Үш жаңа департамент құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу