Періште мен адамның әңгімесі туралы тәмсіл

Oinet.kz 28-02-2019 1557

0_1486102620.073 (1).jpg

Пенде болған соң, екінің бірі кешірімді бола алмайтынын бәріміз жақсы түсінеміз. Кешірімді болу үшін, адамның пайым-парасаты биік, қажыр-қайраты мол болу керек сияқты. Себебі, көбіміз үшін, адамға ренжіп, онымен араласпай кеткен оңайырақ. Психологтар өкпе-реніштің адам денсаулығына кері әсері көп екенін айтады. Сол себепті назарларыңызға кешірімнің мәні мен маңызы туралы тәмсілді ұсынып отырмыз.
 

Періште жүзінен мейірім мен жылулық төгіліп күлімсіреп тұр.

— Білесің бе, — деп сұрады менен, — адам ешқашан басқа адамды қарғай алмайды.
Мен оған күмәндана қарадым. Ол не айтқысы келіп тұрғанын білгім келді.
— Адам басқа адамға ешқашан ештеңе істей алмайды, — ол тағы да жымиды, — тіпті оған қол жұмсап, өлтірсе де, оған қиянат жасай алмайды.
Мен періштенің не айтқысы келіп тұрғанын түсінбесем де, соңына дейін тыңдағым келді.
— Адам өз ойын айтып, басқа адамды көндіре алмайды. Оны әлемге өз көзқарасымен қаратып, өзінің жеке пікіріне сендіре алмайды.
Мен онымен келіспедім:
— Олай болмайды ғой.
— Болады, — деп Періште басын шайқады, — сол адам саған сенуі мүмкін. Бірақ сен әлсізсіз. Ештеңе қауқарың жоқ.
Періште алысқа көз қадап үнсіз тұрды. Сосын сөзін жалғастырды:
— Басқа адамға жамандық жасау – адамның қолындағы дүние емес. Жаратушының ғана қолында. Саған ұнаса да, ұнамаса да, шындық осы.  
Ол үнсіз қалды. Бірақ менің түсінбеген жерлерім көп еді.  
— Содан?.. — деп әңгімені жалғастыруын сұрадым.
— Адамның басқа адамға жасағанының бәрі өзіне жасағанмен тең.
— Қалай? — деп мен түсінбей қалдым.


— Бәрі де оп-оңай. Біреуді қарғай отырып, сен өзіңді қарғайсың. Біреуге жақсылық жасай отырып, сен өзіңе жақсылық жасайсың. Біреуді ренжіте отырып, өзіңді ренжітесің. Біреуге мейірім сыйлай отырып, сен өзіңе мейірім сыйлайсың. Бұл – бұлжымайтын заңдылық.
— Кімнің заңдылығы?
— Оның… — Періште қолымен аспанды көрсетті. Екеуміз де үнсіз қалдық.
— Мен сені дұрыс түсіндім бе, біреуді кешіре отырып, өзімді кешіргенім бе? – деп сұрадым мен.
— Дәл солай, — деп басын изеді Періште.
Мен ойланып қалдым. Сосын мен Періштеге қарап былай дедім:
— Бірақ мен кешіргім келеді. Шын айтамын.
Періште басын шайқады.
— Кешіру үшін, кешірімнің не екенін білу керек...
— Айтшы, білгім келеді, кешірім деген не?
— Кешірім? — деп Періште сөзін бастады. — Ол қуаныш.
Мен Періштеге қарадым. «Не деп тұр? Дені сау ма өзінің?» деген ой келді маған.
Періште күлімсіреді.
— Кешірім деген – қуаныш. Махаббат сыйлайтын қуаныш. 
Ол аспанға қарап тұрды да, сөзін жалғастырды:
— Бұл сәтті сен шынайы күліп, шын көңілден рахмет айта алатын кезде сезінесің. «Рахмет! Менің өмірімде сендей адам болғанына рахмет! Қаласаң, тағы да тура сол ісіңді қайтала! Мен саған тағы да рамет айтамын!»
Мен ұшы-қиыры жоқ жол айрығында қанатын жайып тұрған Періштеме қарап тұрып, біраз жеңілдеп қалғанымды сезіндім. Бойымды шаттық пен қуаныш кернегендей болды...

Дереккөз : anabol.kz

1 сағатты осы 5 іске арнап, өмірді өзгерте аласыз!
Шайдың денсаулыққа пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу