Алға қойған мақсатқа жетуге арналған он кеңес
Мақсатыңызға кіріспес бұрын, алдын-ала өзіңізге сценарий жазып алыңыз. Сізде сценарий болмаса, сіз қалай актерлік шеберлігіңізді көрсете аласыз? Сізге ешкім сенбейтін болады. Өмір – театр, біз – актерміз. Жақсы ойнау сіздің жазған сценарийға байланысты.
Мақсатыңыз ерекше болсын. Ешкімге ұқсап еліктеудің қажеті жоқ тек бойдағы менмендікті ояту керек. «Мен» ұғымы сізде қалыпқа түспейінше, өз жолыңызды табу қиын.
Арман мақсаттарыңызды жасырын ұстаңыз.
Киіну өнеріңіз елдерді таң қалдыруы шарт, әр ортада ерекшелікті басым ұстаңыз.
Сөйлеген сөзіңіз нақты әрі айқын болсын.
Әр ісіңізде сәттілікті қаласаңыз, тәуекел жасаңыз.
«Жұрт не дейді? Ұнамай қалсам қайтемін, дұрыс сөйлей алмасам қайтем» деп шошудың қажеті жоқ. Ойыңыздағы жақсы ойлар сізді алға жетелейді.
Әр адаманың жан дүниесінде қоқыс жәшігі болады, сол жәшікті тазалап шығармасаңыз, сіздің басты дұшпаныңыз – сол.
Біліммен көбірек шұғылданыңыз, көбірек кітап оқыңыз, білмесеңіз, сұраңыз, ұят емес.
Мақсат айқындала түскен күні сіз әр сәттің қадірін, уақыттың маңызды құрал екенін түсінетін боласыз.
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог кеңесші Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева
Дереккөз : anabol.kz