Денсаулық - басты байлық!

Oinet.kz 14-09-2019 597

Screenshot_31.jpg

Түркістан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» іс-шарасы өтті. Осымен 20 – шы мәрте ұйымдастырылған фестиваль «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 10000-ға жуық қала тұрғындары және мекеме-ұйым қызметкерлерінің жаппай қатысуымен таңғы жаттығу жасаудан басталды. Мұнан соң, қаладағы "Парасат" саябағынан Арбат демалыс аймағына дейін велошеру ұйымдастырылды. Ал, мектеп оқушылары салауатты өмір салтын сақтауға байланысты суреттерін салып, көпшілік назарына ұсынды.

Іс-шарада Түркістан облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов,облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев "Денсаулық" қалашығындағы дәрігерлердің жұмысымен танысты. 

медицина ұйымдарының білікті дәрігерлері және медициналық сақтандыру қорының өкілдері тұрғындарды денсаулық қалашығында қабылдап, 500-ге жуық азаматқа кеңес берді. Келеңсіз жағдай орын алғанда жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек түрін көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдар үшін мастер-класстар көрсетіліп, үйретіледі. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен өткен іс-шара негізінен бұқаралық спортты дамытуға бағытталды. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары әрбір тұрғынды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары тұрғындарға медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілудегі басты мақсаттар мен азаматтардың медициналық көмекті алу кезіндегі құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап енгізгелі отырған жаңа жүйе аясында көрсетілетін тегін медициналық қызметтің түрлері туралы қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

- Медициналық сақтандыру – науқасқа жиналған қайырымдылық емес. Бұл миллиондарды емдеуге мүмкіндік беретін ортақ жүйе. Әрбір адамның медсақтандыруға қосқан үлесі өзіңе ғана емес, сондай-ақ, қарт ата-анасы мен кішкентай балаларына, көрші тұратын жалғызбасты атаның, ДЦП диагнозы қойылған баласының сырқатымен жалғыз өзі күресіп жүрген ананың, үлкен отбасын аз ғана жалақымен асырап отырған әріптесіңің денсаулығын тұрақты түрде тексеріп тұруға мүмкіндік береді. Жалпы, 2020 жылы медициналық сақтандыру жүйесіне жарна қазақстандықтардың жеке табысынан түседі. Бұл ақша бүкіл ел бойынша мыңдаған науқасқа тегін диагностика мен лайықты ем алуға көмектеседі.

«Арбат» демалыс аймағында ұйымдастырылған акцияда жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем ән айтылды.


Ұлттық қолөнер орталығы ашылмақ
Шардараның тындырымды тірлігіне куә болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу