Атыраулықтар Арысқа мешіт сыйлады
Төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына Атырау облысының штабы әдемі мешіт салып берді. Құрылыс жұмыстарын тамыз айында қолған алған құрылысшылар 20 күнде бітіріп отыр. Бір қызығы, әскери қару жарақ қоймасының қасында орналасқан Әлтәйқызы Құралайқажы мешіті қатты зақым көрмеген. Бірақ ескі ғимараттың қабырғаларына толқынды соққының салдарынан сызат түскен. Содан,атыраулық штаб мүшелері ескі мешітті жаңартуды дұрыс деп шешіпті. Бұрындары 70/80 адам сиятын мешітте бүгінде 120/130 адам еркін намаз оқып, құлшылық жасай алады. Мешіт ауласыда әрленген. Жолдарына арнайы тас төселіп, жарықшамдар орнатылған. "Атыраулық ағайындарға жамағат атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Ескі мешіттің орнына заманауи жаңа мешіт салып берді. Шын көңілмен жұмыс жасады. Қасындағы үйлерге де жөндеу жұмыстарын жүргізіп, арыстықтарды қуанышқа бөлеп отыр. Баршасына үлкен рахмет!", - дейді мешіт имамы Пернебек Ізбасханов.
Айта кетейік, Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Бүгінде 62 нысанда жұмыстар аяқталды.