Жолдауды қолдауға шақырды
Облыс орталығында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыруға арналған жиын өтті. Алқалы жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жолдауда айқындалған бағыттарға тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қзыметінің мамандары хабарлайды.
«Көптеген арыз-шағымдарды оңтайлы шешуде «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімін құруды тапсырамын. Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды. Халықпен байланысты нығайтуда қоғамдық бақылау және партия белсенділері мен шенеуніктерді бағалау тетігін ұйымдастыра білуіміз керек", - деді жиын барысында Өмірзақ Естайұлы.
Жалпы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп түрлері кеңінен дамыған. Экспорттық потенциал өте жоғары. Аталған нысандардың өнімдері “Kazakh Invest”, «Kazakh Tourizm» мекемелері ұйымдастыратын халықаралық көрмелерге тұрақты қатысуын облыс басшысы тиісті сала басшыларына жүктеді. Жолдауда атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, облыс тұрғындарын Жолдауды қолдауға шақырды.