Арыста жұмыс аяқталуға жақын

Oinet.kz 07-09-2019 567

Screenshot_12.jpg

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында шаһарды төтенше жағдайдан кейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау бойынша аппараттық жиын өтті. Басқосуға секторларға жауапты барлық облыс әкімдігінің өкілдері, Түркістан облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік мамандары қатысты деп мәлімдейді баспасөз қызметінінң мамандары. 

Жиында облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков Арыс қаласын қалпына келтіру және жергілікті тұрғындарды әлеуметтік қолдау бойынша толыққанды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. «Қазіргі таңда жұмысы сәтті аяқталған Атырау, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда секторларында арнайы шаралар өткізілді. Онда үздік құрылысшылар, әкімдік қызметкерлері, белсенділер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, күнделікті секторларды аралау, наразы тұрғындармен кездесулер өтіп, екіжақты келіссөздер жүргізілуде. Мәселен, өткен аптада 16 мәселелі нысан анықталған болатын. Тиісті жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде 1 аптаның ішінде 6 проблемалық нысандар шешімін тапты. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жоспарға сай жалғасын таба береді», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Сондай-ақ, кездесуде Түркістан облысы Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жайында баяндама жасады.

"Арыс қаласында орналасқан 7,8,9,10 және 11-ші секторларда жалпы зақымдалған 2975 үй бар. Оның ішінде, жөндеуді қажет ететін 2568 жеке және 73 көпқабатты тұрғын үйлер, сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан 334 үй. Бүгінгі күнге осы секторларда 94 мердігер компания, 180 техника және 2505 жұмысшы жұмылдырылған. Түркістан облысына тиесілі 7-секторда зақымдалған 478 үй орналасқан. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін жеке және көпқабатты тұрғын үйлерде жұмыстар аяқталды. Жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 100 үйдің бәрінде тиісті жұмыстар жүргізілуде", - деді ол.

Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 249 жеке және 31 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 160 үйдің кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 20-қыркүйегінде сектордағы барлық үйлерді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Жиынды қорытқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық сектор жауаптыларына құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтау қажеттігін нықтап тапсырды.


Жолдау жүктеген міндет
Жолдауды қолдауға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу