Ауылды көркейткен жоба

Oinet.kz 07-09-2019 628

Screenshot_14.jpg      

Елбасы тапсырмасына сәйкес «Ауыл ел - бесігі» жобасы Түркістан  облысында қарқынды жүзеге асырылуда. "Биыл Түркістан облысында 7 елдімекеннің мәселесін шешуге 4 млрд. теңге жұмсалды. Нәтижесінде 112,8 шақырым жол төселіп, 7 білім, 1 спорт және 5 мәдениет нысандары жөндеуден өтетін болады. Жоба аясында 2020 жылға 15 елді мекенде 114 жобаны іске асыруға 4,8 млрд.теңге бағыттау жоспарлануда". Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыруға арналған жиында осылай деді. 

     Сондай-ақ, жиныда өңір басшысы облыстағы кезек күттірмейтін тағы бір мәселе – атаулы әлеуметтік көмек мәселесін атап өтті. Аталған бағдарламаны цифрландырып, атаулы көмек алушылар базасын жасақтауды тапсырды.

Актив отырысында мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым, қоғамдық ұйым төрағалары жарыс сөзге шығып, Жолдауда аталған міндеттерді айтып, өз пікірлерімен бөлісті.

Өмірзақ Естайұлы қала, аудан әкімдері мен қалалық құрылымдардың басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуді жүктеп, өздеріне жүктелген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауға тапсырма берді. 


Жолдауды қолдауға шақырды
Тіл жанашырлары марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу