Ғалымның аты өлмейді...

Oinet.kz 03-09-2019 834

Screenshot_19.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің 88 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарихи мұра жанашыры» атты көрме өтті.

Шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары – М.Тастанбеков, Ө.Жәнібековтың шәкірті, әрі қызметтесі – Қанат Тұяқбаев, Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары – Пернетай Досыбеков, Ө.Жәнібековтің қарындасы – Айғаным Серім және Торғайдағы қызметтесі – Ыдырыс Жұмабеков, музей қызметкерлері қатысты.

Көрменің негізгі мақсаты — Өзбекәлі Жәнібековтің азаматтық, қайраткерлік қасиеттерін, ұлтжандылығын, даналығын, көрегендігін, рухани мәдени мұрамызға деген жанашырлығын жас-жеткіншектерге насихаттау. 

Көрмеге ұлттық өнер мен мәдениеттің жанашыры атанған ғалым – этнографтың 60-тан аса жәдігерлері қойылды. Олардың қатарында Өзбекәлі Жәнібековтің балалық шағы мен қызметтік жылдарындағы фотосуреттері, Қазақстандағы музейлерді ұйымдастырудағы шеберлігі, өзінің тұтынған заттары – фотоапараты, қол сөмкесі, қаламы, шапаны, бас киімі, қаламынан туған «Отырар», «Қазақ киімі», «Жолайрықта», «Тағдыр тағылымы», «Эхо» сынды кітаптары мен мақалалары, Торғайда қызмет атқарып жүргенде берілген естелік заттары, жұмыс бөлмесінде пайдаланған мәрмәрдан жасалған қаламсабы бар. Сонымен қатар, Өзбекәлі Жәнібековтің жеке кітапханасындағы шетел әдебиеттері мен отандық жазушылардың кітаптары да көрмеге келушілерге таныстырылды.


Сыры көп Тайқазанға – 620 жыл!
Қылует жаңартылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу