Сыры көп Тайқазанға – 620 жыл!
Биыл Тайқазанның құйылғанына- 620 Ал, оның Түркістанға әкелінгеніне 30 жыл. Қайталанбас туындыны жасаған Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи болатын. Осыған орай Ирандық шебер Тебризиден тараған ұрпақтар құйылған жері Қарнақ ауылында бас қосып, ауқымды шара өткізді. Іс шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Самат Расұл, Қарнақ ауылының ақсақалдары, ғалымдар мен тарихшылар қатысты.
Көнекөз қариялар мен ғалымдар тайқазан жайлы тарихи дерек пен аңыз әңгімелерді көпшілікке баяндап берді.
Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда құйылған. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.
1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы Еркін Жорабеков атты Түркістанның азаматы өзінің азаматтық борышын орындау мақсатында көптеген жоғарғы лауазымды мамандарға, басшыларға хат жазып жүріп, тайқазанды тарихи орнына алып келуге үлкен үлесін қосады. Сол үшін тайқазан екі мәрте құйылды десекте болады. Тайқазан сирек кездесетін 7 түрлі металь қоспасынан құйылған. Қолда бар мәліметке мән берсек, Тайқазанның жалпы салмағы 2 тонна. Сыйымдылығы 3 мың литр. Бүгінде қазан құйылған пеш орыны анықталып, сол кезде ол жерде жұмыс істеген шеберлер жайлы зерттелуде.
«10-12 күннің көлемінде Тайқазанды алып шықтық. Оны алып келу оңай болған жоқ. Өте қатты қиындықтарға душар болдық. Бір кран алып келдік симады. Екінші кран әкелдік болмады. Кейін сол жерде гостиница салып жатқан бір кранды алып келіп сол артып берді»,- дейді Тайқазанды алып келген топтың өкілі Дадажан Жамалов.
Тайқазан жайлы тарихи деректер айтылған шара кезінде қазан құйылған орындармен Қарнақтағы өзгеде тарихи орындарға саяхат ұйымдастырылды.