Жаңа оқу жылындағы игілікті істер

Oinet.kz 01-09-2019 1009

Screenshot_7.jpg

Биыл Отырар ауданның білім беру саласына 6,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Бұл туралы дәстүрлі тамыз кеңесінде мамандар хабарлады.  Ресми мәліметтерге сүйенсек ағымдағы жылы Көксарай ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Мыңшұқыр елдімекенінде 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ 2017-2018 оқу жылында Ш.Қалдаяқов, Жамбыл, Ө.Жәнібеков, М.Әуезов мектептерінің работотехника пән кабинеттеріне 4 компьютер мен 4 интерактивті тақта, 20 ноутбук алынған. Аталған мектептерде работотехника вариативтік курс негізінде сабақтар жүргізілуде. Мемлекетіміздің осындай қолдауларының арқасында өткен оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша да орта балл 75,9 балды құрап, нәтижесінде облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрінді.

2019 жылы аудандағы білім беретін 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 12032 оқушы алтын ұясындағы білімін жетілдіруде. Биылғы оқу жылында 1400 оқушы 1-ші сыныпқа қабылданып, мектеп табалдырығын аттады. Сондай-ақ аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде 2030 мұғалім қызмет етуде. Биылғы жылы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы біліктілігін арттырған мұғалімдер саны 1585, оның ішінде педагогикалық шеберлік орталығынан 903, "Өрлеу" БАҰО бойынша 682 педагог маман өз білімтіліктерін арттырды дейді мамандар.



Спортшылар алғысқа бөленді
Білімге бастар жол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу