Валуев Головкин мен Деревянченконың арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Николай Валуев алдағы Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінде кім жеңіске айтты. Оның болжамын "Рейтинг букмекеров" басылымы жариялады деп xабарлайды Oinet.kz
Валуев бұл кездесуде егер қазақстандық жеңіске жетсе онда ол Сауль Альвареспен қайта жекпе-жекке шығуға мүмкіндік туады дейді. Дегенмен, ресейлік экс-чемпион Альваврестің Головкинмен кездесе қоюы екіталай екендігін айтты.
Валуевтың пікірінше, украиндық боксшыны бекерге "теxнарь" демейді. Деревянченко шаршы алаңда мүлдем қателік жібермейді десе болады.
- Бірақ, Деревянченко Головкинге айтарлықтай қиындық тудыра қоймайды, - деді Валуев.
Сонымен қатар, ресейлік боксшы Головкиннің жаңа бапкерлік құрамымен болған дайындықтан соңғы кездесуін көргісі келетінін мәлімдеді.
- Бұл кездесуде төрешілер шешімі жеке-жеке болғанымен, жеңіс Головкинге бұйырады. Головкин мен Канелоның арасындағы үшінші жекпе-жекті көреміз деп үміттенемін, - деді Валуев.