Назарбаева: «Қазақтар қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін шеше алмай жүр»

Oinet.kz 27-09-2019 3468

Картинки по запросу Дариға НазарбаеваСенат спикері Дариға Назарбаева қазіргі қазақ тілінің жағдайына байланысты өз пікірін білдірді. Ол мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде ғалымдардың өзі де бір-бірімен келісе алмай жүргенін ашып айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Проблема жоқ емес, бар. Алайда, шындығына келсек, бұл мәселеде ешкімді кінәлай алмайсың. Қазақтардың өзі қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін шеше алмай жүр. Ғалымдарымыздың өзі бір-бірімен келісе алмай жүргенде, мұндай мәліметтермен күнделікті практикада жұмыс істейтіндерден не талап етуге болады? Солай ма? Мұндай проблема бар", - деді Назарбаева сенатта заң шығару жұмысын жетілдіруге арналған парламенттік тыңдауда.

Дариға Назарбаева тіл мәселесіне сұрақтың көп екенін айтып, ұсыныс айтып көруден қорықпауға шақырды.

"Әзірге қандай форматта екенін білмеймін, әріптестер, сіздер өздеріңіз ұсыныңыздар. Алайда бұл мәселе бүгінде жіті талқылау мен нақты ұсыныстар енгізуді талап етеді. Бұл жерде үнемі жауаптан гөрі сауал көп. Өміріміз де осымен қызықты шығар. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Біз барлығымыз халықтың өмірін жақсартуға мүдделіміз. Үкімет, парламент, сот жүйесі – барлығымыз бір міндетке жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Энергетика министрі Бозымбаев: «Сауд Арабиядағы мұнайдың орнын толтыру мүмкін емес»
Қытай мемлекеті 1,8 млрд долларға жел электр станциясын салып бермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу