Павлодарда бұқа өз егесін сүзіп өлтірген
Оқиға 2019 жылғы 11 қыркүйекте таңертең Павлодар облысында орын алды, деп хабарлайды Павлодар облысының МД-ға сілтеме жасаған Oinet.kz.
Бұқа байланған түйінін созып, дала аймағындағы ауыл табынына қарай қашады. Бұқаның қожайыны, 62 жастағы жергілікті тұрғын, оны артқа қайтару үшін арқасынан жүгірген.
Біраз уақыттан кейін қожайынның ұлы әкесінің ұзақ уақыт жоқ екенін байқап, оны іздеуге шыққан. Көп ұзамай зейнеткер ауылдың шетінде өлі күйінде табылды.
Павлодар полициясының хабарлауынша, ер адам асыл тұқымды бұқаның шабуылынан қайтыс болған.
Өлім фактісін полиция тіркеп, тексерулер жүргізілетін болады.