12 жастағы баланы өлтірген бұқаны полиция қамауға алды
Оңтүстік Суданның көлді провинциясында бұқа 12 жастағы баланы өлтірген бұқа қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті фермалардың бірінде соқаға жегілген бұқа балаға шабуыл жасаған. Бірден тап берген үй жануарының соққысынан бала сол жерде жан тапсырған. Оқиға орнына келген полиция бұқа мен иесін қамауға алды.
"Бұқа полиция учаскесінде қамауда. Баланың денесі сараптама жасау үшін ауруханаға жіберілді. Кейін ата-анасы жерлеу үшін алып кеткен", - деді полиция майоры Элайджа мабор.
Жергілікті заңға сәйкес адам өлтірген кез келген жануар марқұмның отбасына өтемақы ретінде беріледі.
Бұған дейін Оңтүстік Суданда қарт әйелді сүзіп өлтірген қой үш жылға сотталған. Жануарды Румбек полициясы бірден ұстаған.