БҚО-да қыз зорлады деп айыпталған шенеунік ауруханада қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында қыз зорлады деп айыпталған шенеунік ауруханада көз жұмды.

25 ақпанда күдікті заңда белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
"11 наурызда денсаулығы нашарлауына байланысты күдікті Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес диагнозы: бауырдың зақымдануы, бауыр некрозы, инсулинге тәуелсіз қант диабеті (кетоацидоз). Ол 16 наурызда сағат 18:10-да есін жимастан қайтыс болды", - деп жазылған БҚО ПД хабарламасында.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қазір жан-жақты тексеріс жүргізіліп жатыр.


