Руслан Желдібай қызметінен босатылды

Oinet.kz 29-01-2026 48

Мемлекет басшысының Жарлығымен Желдібай Руслан Сұлтанұлы Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

image.png

Аталған қызметке Президенттің өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров тағайындалды. 

Айта кетейік,   Руслан Сұлтанұлы Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысының Каратау қаласында дүниеге келген.

Ол Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген және Ұлыбританиядағы Уорик университетінде (University of Warwick) оқуын жалғастырып, жоба менеджменті бойынша магистр дәрежесін алды. Сонымен қатар ол «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.

Ал Айбек Смадияров былтыр желтоқсан айында  Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен. Сосын ол Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған. 

Алматы әуежайы "қателесіп" 6,8 млрд теңгені бөтен компанияға аударған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу