Петропавлда пойыз астына түскен ер адам қаза тапты
Петропавлда ер адам жүріп келе жатқан пойыздың астына түсіп, мерт болды. Оқиға 27 қаңтар күні орын алған деп жазады Оinet.kz порталы.

Аталған факті бойынша Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР ҚК-нің "Теміржол көлігі қозғалысы қауіпсіздігі немесе оны пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабымен қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомствода.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.


