Түркістан облысы елге масыл болып отыр - Абзал Құспан

Oinet.kz 28-01-2026 41

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанның оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл және Түркістан облыстары елге масыл боп отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Screenshot_48.jpg

Аталған мәлімдемені депуат мәжіліс кулуарында журналистерге берген жауабында айтты. Депутаттың айтуынша, елде бірнеше ғана донор өңір бар.

“Бұл баршаға анық, оңтүстік өңірлер – Жамбыл және Түркістан облыстары ел есебінен өмір сүріп отыр. Негізінде, бүкіл оңтүстік масыл күйде. Біздегі донор өңірлер Атырау облысы мен Алматы қаласы ғана. Үш-төрт өңір бар. Қалғандары – масыл. Ал халықтың тығыздығы шешуші рөл атқармайды. Бұған Павлодар облысы мен Атырау айқын мысал”, – деп мәлімдеді Құспан. 

“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы жорығы өте сәтсіз аяқталды
"Жалақысы 180 мың теңге": Депутат Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жеңілдетілген ипо
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу