Түрікменстан Президенті Қазақстан билігіне жаңа қала салуды ұсынды

Oinet.kz 12-08-2019 2675

Screenshot_2.jpg

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов "Аваза" курорттық аймағында Каспий экономикалық форумының ашылуына қатысып, көршілес мемлекеттерге (Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан) "Каспий" инновациялық қаласын салуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.

Түрікменстан басшысы "технологиялық және инновациялық бастамалар үшін маңызды алаң құрғанымыз жақсы болар еді" деген пікір айтты.

Президент ол үшін көршілес мемлекеттерге халықаралық инновациялық-технологиялық орталық құрып, оны "Каспий" деп атауды ұсынды.

Гурбангулы Бердімұхамедовтың болжауынша, инновациялық қалада Каспий маңындағы және өзге мемлекеттердің ғалымдары бірігіп, теңіз үшін жаңа технологиялық жоспар құруларына болады. Оның ойынша, инновациялық қалада сандық кластерлер құрылады.

Алайда, Түрікменстан басшысы жаңа қаланың нақты қай жерде орналасуы мүмкін екенін айтпады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Фетхуллаһ Гүлен: «Күдікті ретінде өмір сүргіміз келмейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу