Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
Ресей Сирияны НАТО шабуылынан аман сақтап қалыпты. Осы уақытқа дейін олар 624 қанатты зымыранды тоқтатқан көрінеді. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу осылай деп отыр.
Қазір Сирияға қатысты жағдай өзгерген. Министр мұны жайдан-жай хабарлап отырмаған секілді. Естеріңізде болса, өткен аптада Түркия президенті мен Ресей президенті ыстық ықылас, жылы қабақпен қайта татуласқан болатын. Міне, осыдан соң, орыстар Сирия еліне жасаған жақсылықтарын әлемге жария еткісі келген сыңайлы.
- 624 қанатты зымыран Сирияға бір күнде шабуыл жасамақ болып дайын тұрды. Біздің президент (Владамир Путин) Сирия Президенті Башар Асадқа химиялық қаруды тапсыруды және жоюды көндірмегенде, онда әлгі зымырандар әп-сәтте Сирияны жаппай бомбалар еді. Осының салдарынан Сириядағы қираған мемлекеттік құрылымдар оңайлықпен қайта қалпына келместей жағдайға душар болады, - деп С.Шойгу егер В.Путин болмағанда Сирияның күлі көкке ұшарын меңзеді. Ресей деген жоқ, В.Путин деді.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Бірікке Ұлттар Ұйымының арнайы мамандары Сирия билігі Дамаск қаласында көтеріліске шыққандарға химиялық қару қолданғанын анықтаған еді. Содан кейін әлемдік қауымдастық Сирияға қаруды жоюды талап етті. Нәтижесінде Сирия аталған қаруды 2014 жылы жоюға әзер келісім берді. Сол кезде Башар Асадты ешкім көндіре алмаған көрінеді. Ақырында оны кім жуасытқанын С.Шойгу хабарлады.
Сонымен қатар, министр Ресей мен АҚШ бірлесе отырып, Алеппо қаласындағы радикалды Ислам мемлекетіне қарсы күресуге жақын екендерін хабарлады. Егер қос мемлекет осыны жүзеге асырса, онда «соры қайнаған» Сирия жерінде бейбітшілік орнап, елін тастап кеткен босқындар өз үйлеріне қайта оралар еді деген ойын білдірді.
Мұрағаттан, 2016 ж