Солтүстіке қоныс аудару - Миллиардтар жұмсалған бағдарламадан күткен нәтиже жоқ

Oinet.kz 21-02-2024 294

«Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесі де өте маңызды екені белгілі. Қазіргі таңда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Screenshot_9.jpg

Алайда жекелеген өңірлерде қаражаттың уақытылы игерілмеу фактілері байқалады. Осыған байланысты Ұлттық жобаға, Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына және өңірлік дамудың басқа да жоспарларына енгізілген іс-шаралардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет. Кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық теңгерімсіздіктің сақталуын да сын-қатерлердің бірі ретінде атап өткен жөн. Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал, солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалды».

Сенатта демографиялық өсу тақырыбына арналған Үкімет сағатында жоғары палатьаның төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. 

Төрағаның айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындары азайып бара жатқан  Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарына халық мейілінше тығыз қоныстанған өңірлердің халқын қоныстандыру бағдарламасы жүзеге асырылған. Алайда одан нәтиже жоқ. 

«Бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы күтілген нәтижені бермегенін мойындауымыз керек. Осы орайда қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін жаңа ынталандыру шараларын қарастырады деп сенеміз. Сонымен қатар осы бағытта басқа да іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Демографиялық жағдайды ескере отырып, әлеуметтік, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымның да тиісті деңгейде дамуын қамтамасыз ету керек. Мұнамен қоса, азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін сапалы, экологиялық орта қалыптастыру да маңызды іс. Қазіргі кезде еліміздің демографиялық дамуына байланысты осындай мәселелер бойынша тиімді ведомствоаралық іс-қимылды арттыру қажет», - деді Сенат төрағасы.

Олжас Бектенов: «Жұмыс тәсілі өзгермесе, қатаң шара қолданамыз»
Дархан Сатыбалды: «Жоспарсыз әзірленген жобалар көп»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу