Түркістанның бас мұғалімі қызметінен кетті
Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы қызметінен кетті. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазды.
- Қадірлі ағайын, әріптестер!
Осымен Түркістандағы қызметті аяқтадық.
Барлық алған тәжірибе, үйренген жаңа қасиеттер үшін алғысым шексіз!-делінген басқарма басшысының жазбасында.
Дінислам Болатханұлы Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы лауазымына 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.