Министр Маңғыстаудың бас дәрігері отпускте жүргені үшін ашуланды

Oinet.kz 29-07-2019 1894

Screenshot_2.jpg

Көрнекі фото

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов министрліктің жиналысына Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиеваның қатысқанына шүйлікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сіздің басшыңыз қайда? Еңбек демалысында ма? Демалыста жүргеніне көп болды. Жаз бойы демалыста. Еңбек демалысына неге бұлай жібересіздер?", - деп наразылығын білдірді министр. 

Сонымен қатар, ол жергілікті жерлерде орындалып жатқан жұмыс үшін, дәлірек айтқанда, орындалмаған жұмыс үшін жауапкершіліктің жоқ екенін өкінішпен атап өтті.

"Жауапкершілік жоқ! Жарты жылда бір рет кездесеміз, пробеламалық мәселелерді талқылаймыз, бәрі жұмыс істеп жатырмыз, мәселелерді шешеміз деп айтады алайда атқарылып жатқан іс шамалы. Ең болмағанда бір бас дәрігер немесе басшы жауапкершілікті мойнына алды ма? Жоқ. Олар жұмысын жалғастыруда. Олар бұған дағдылануда. Мемлекеттік бағдарламада ешкімнің шарауасы жоқ. Әкімдіктегілер өз шаруаларымен жүр, сол себепті (денсаулық сақтау басқармасының басшысы - Ред.) осында қызарып тұрады, ал бұл сұрақ үкімет деңгейінде көтерілгенде әкімдер қызарып тұрады", - деп түйіндеді Біртанов.

Мақсат Исаев: «Мал шаруашылығын дамытсақ үш нәрседен ұтамыз»
Шымкентте педофилге химиялық піштіру жазасы кесілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу