Мақсұт Исахов 2 айға қамауға алынды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 21 шілдеде Шымкент қаласының тергеу сотымен екі айға қамау алынды
20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстағанын хабарлаған болатын.
- Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды,- делінген ресми ақпаратта.