Антикордың құзыры күшейді

Oinet.kz 21-07-2023 511

d7a1c76e17ab08a7ace0b1bc60c50691_1280x720.png 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет беретін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарлыққа сай, Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігіне мына функциялар берілді:

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдепжөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;

- ҚР Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

- сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және

бекіту.

Жарлық алғаш ресми жарияланған күннен, яғни 20 шілдеден бастап күшіне енді.


Жанып жатқан көліктен 8 адамды құтқарған кім екені белгілі болды
Мақсұт Исахов 2 айға қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу