Петропавлда «Халық кеңесінің» үш мүшесі қамауға алынды

Oinet.kz 21-04-2023 459

 

Солтүстік Қазақстан облысында үстерінен сепаратизм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған үш күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.  Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы хабарлады. 

"2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты үш айыпталушыға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін СҚО-дағы "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын.


Жол салу маусымы басталды
«Тегін қараламын десе үш ай, ал ақылы болса үш минут күтеді»: Асхат Аймағамбетов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу