Білім және ғылым министрлігі оқу ақысына қатысты сұраққа жауап берді
Білім және ғалым министрінің жаңа кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан қазақстандық жоғарғы оқу орындарының оқу ақысына байланысты шыққан қауесетке жауап берді.
Шенеунік бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат екенін баса айтты.
"Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, Мұхамеджан еліміздегі жоғарғы оқу орындарының көбісі жекеменшік екенін еске түсірді.
"Мемлекетімізде 131 ЖОО бар, олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды", - деді ол.