2015 жыл: Сарыағаштағы сойқан...

Oinet.kz 24-05-2019 1405

Screenshot_2.jpg

Фото Азаттық сайтынан алынды

Ақпан айының басында Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауылында тәжік ұлтының азаматы жергілікті тұрғын Бақытжан Артықовты қасқана және қатыгездікпен өлтірді. Бұл оқиға халық арасында үлкен дүрбелең туғызып, мұның соңы жаппай тәртіпсіздікке, қазақ-тәжік ұлттары арасындағы жанжалға апарып соқты. 

...Өзекті өртер өкініштісі сол, тәжік азаматының қолынан қаза тапқан қандасымыз Бақытжан Артықов отбасындағы жалғыз ұл еді. Артында бір жастағы жалғыз қызы қалды. Ауылдастарының айтуынша, аудандық салық басқармасында істейтін Бақытжан арақ ішпейтін, темекі тартпайтын, 13 жасынан бастап бес уақыт намазын қаза жібермеген, артық ауыз сөзі жоқ жан болыпты... Марқұмды жерлеп болған күннің ертеңіне, яғни 5 ақпанда бір топ қазақ жігіттері тәжіктер тұратын көшелерді талқандауды бастаған. Үйлерді, көліктерді, дүкендерді өртеген. Көтерілісті оқиға орнына шұғыл жеткен жедел әрекет ету жасағы басты. Бұның артынша қазақтардың жасаған істеріне ызаланған тәжіктер көтеріліп, көшеге шыққан. Бұл толқуды да тәртіп сақшылары тоқтатқан. Тәжіктер тұратын үйлерді өртеу 6 ақпанда түнгі уақытта тағы жалғасқан. Ауылдағы ахуал 7 ақпаннан бастап тұрақты қалыпқа түсе бастады. 

Қақтығыс болып жатқан кезде Сарыағаш ауданында ұялы байланыс қызметі сөндірілді. Сол тұста жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында  ғаламтор қызметі 2 тәулікке жуық уақыт  бойы іске қосылған жоқ. 

P.S. Маусымда Бақытжан Артықовты өлтірген Наумидин Нарметов сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзету мекемесінде өтеуге сотталды. 

Мұрағаттан, 2015 ж

Шымкент қаласынан Айгүл Қапбарова Сенат депутаты болып сайланды
«Вот, Батька – красавчик»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу