Соғыстың бір күні 5 миллион доллар

Oinet.kz 17-06-2019 1081

Screenshot_16.jpg

«Донбасстағы әр күнгі соғыс бізге шамамен 5 миллион АҚШ долларына түсіп жатыр. Біз бұл ақшаны елдің экономикасын дамытуға жұмсауымызға әбден болар еді». Украинаның президенті П.Поршенко БҰҰ-ның саммитінде осылай деді. Оның айтуынша, соғыстың салдарынан Украина экономикасының бестен бірі талқандалған. Әлеуметтік мәселе ушығып келеді. 

-Украина Донбасс пен Қырымдағы егемендігін қалпына келтірген соң миллиондаған босқындардың өз үйлеріне қайтуын қамтамасыз етеді. Укрина осы өте күрделі мәселені орындауға әзір,--деген Поршенко Қырым үшін әлі де қырқыса беретінін тағы бір еске салды. Бірақ бір күні 5 миллион долларды талап ететін қырқысқа Украина төзе алады ма? Порошенконың соғыстың шығынын есептей бастағаны нені білдіреді? 

Мұрағаттан, 2015 

Егер ядролық қару терроршылардың қолына түссе...
Бапаевтың басынан бақ тайды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу