Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемге үрей туғызып тұрған ДАИШ ұйымының қолына ядролық қару түсуі мүмкін бе? Қазір әлем саясаткерлерін осы мәселе қатты алаңдатады. Қайбір жолы ақпарат құралдарында ДАИШ Пәкістаннан ядролық қару сатып алуы мүмкін деген мәлімет тараған болатын. Егер бұл болжам расқа айналса, оның ақыры неге апарып соғады?
-Осы уақытқа дейін әлемдегі террорлық жарылыстарда ядролық қару қолданылған жоқ. Дегенмен бұл арқаны кеңге салуға себеп болмауы тиіс,--дейді Атам энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің директоры Юкия Амано.
Қазір әлемде ядролық қарудың «қара базары» жоқ. Дегенмен ядролы қару жөніндегі сарапшыларды, ақпараттарды, қажетті материалдарды сатып алуға әбден болады. Гарвард униеверситетінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшыларының пікірінше, жер шарында шамамен 500 тонна плутония, 1400 тонна байытылған уран сақтаулы тұр. Ал ядролық оқтұмсықтардың саны 15 мыңнан 17 мыңға дейін барады. Әлемдегі плутония мен байытылған уранның 0,01 пайызы қараниеттілердің қолына түссе, осының өзі ақырзаманды қолдан жасауға жетіп жатыр.
Уақтысында Жапониядағы қауіпті сектаның жетекшісі Секо Асахара ядролық қаруды уысына түсіруге тырысқан. Дегенмен оның бұл әрекеті сәтсіз болып, тек химиялық қаруға қол жеткізді. 1995 жылы ол басқаратын "Аум синрике" ұйымы Токио метросын зарин деп аталатын химиялық затпен улап, соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 6 мың адам зардап шеккен.
- "Аум синрике" сектасы діни идеяға арқа сүйеді. Егер мүмкін болғанда ұйым ядролық қаруды да қолданар еді. Егер ДАИШ ұйымы да дәл осы жолмен жүретін болса, бізде айтарлықтай проблема туындайды. Бір айта кетері, ДАИШ-тың ақшасы да, адамы да көп, --дейді Гарвард университетінң профессоры, Ақ үйдің бұрынғы кеңесшісі Мэтью Банн.
Усама бен Ладен де кезінде терактілерді ядролық қарудың көмегімен жасамақ болған. Оның тапсырмасы бойынша терроршылар ядролық қару жөніндегі сарапшыларды жалдап, қара базардан қуатты қару жасауға қажетті материалдар іздеген. Тіпті Ауғанстанның шөлді аймағында әл-Каиданың ядролық бағдарламасы да болған деседі. 2001 жылы Усама бен Ладен мен оның ізбасары Айман аз-Завахири екі пәкістандық ғалыммен кездесіп, әл-Каиданың ядролық қаруын жасап шығару жөнінде әңгіме жасаған. 2003 жылы Усама бен Ладен радикалды ислам дінбасыларынан бейбіт халыққа ядролық қару қолдану жөнінде пәтуа сұраған көрінеді.
Бүгінге күні әлемдегі 17 мың ядролық оқтұмсықтардың 7200-і АҚШ-тың, 7500-і Ресейдің, қалғандары Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль мен Солтүстік Кореяның еншісінде. Бұл оқтұмсықтардың көпшілігінің жойқын күші 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбадан әлдеқайда күштірек. Әлемдегі ең қуатты ядролық бомба Ресейде жасалған. «Бомбалардың патшасы» (Царь бомбы) деп аталатын оның күші 57 мегатоннаны құрайды. Бұл бомбаның қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 4000 есеге көп деген сөз. «Бомбалардың патшасы» Лондон сияқты үлкен қаланы бір пәсте жойып жібере алады.
Мұрағаттан, 2015 ж