Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
"Қытайлардан еңбексүйгіштік пен тәртіпті үйрену керек. 1,5 миллиардтқа жуық халық жұдырықша жұмылып, өздерінің келешегі үшін, игілігі үшін өмір сүріп жатыр. Біз де жұмыс істейміз. Біз де өмір сүріп жатырмыз. Алайда Қытай мен Қазақстанды салыстыру мүмкін емес. Біз қазіргі уақытта экспорттық өнімдеріміздің, әсіресе мұнайдың бағасының төмендеуінен зардап шегудеміз. Бүгін 53 доллар болды. Бағасының өсуі қуантады. Бірақ, мұның барлығы құбылмалы. Әрине, бұл біздің бюджет түсімдерімізді қатты қысқартып жіберді. Екіншіден, Ресей мен Еуропа арасындағы санкция да өз ықпалын тигізбей қоймады. Ресей біздер үшін - үлкен нарық. Бізге тікелей әсер етпейді, бірақ, біз зардап шегудеміз және біздің теңгеге қатысты шарамыз барлығымыз үшін қажетті қорғаныс шарасы болды. Менің ойымша, халық мұны дұрыс түсінді және мен сол үшін ризашылық танытамын», деді Елбасы Қытайға жасаған сапары барысында қазақстандық журналистерге арнап берген баспасөз мәслихатында.
Бақсақ Қытайдың мүмкіндігін осы уақытқа дейін бағаламай келген екенбіз. Аспан асты елінің төрағасы Си Цзиньпинмен өткен келіссөздер барысында Елбасы 45 бірлескен нысан ашу жөнінде 25 келісімге қол қойды. Бұл келісімдердің жалпы құны 23 миллиард долларды құрайды. Яғни, онсыз да қазақтың мұнайында әжептәуір үлесі бар Қытайдан Қазақстанға тағы қомақты инвестиция келеді деген сөз.
Қол қойылған жобалар Павлодардағы алюминий зауытына, Қостанай облысындағы Атбасар кен орнындағы ірі металлургиялық зауытына, Маңғыстау облысында мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығаратын зауытына қатысты. Сонымен бірге мүлдем жаңа қазақстандық бренд - Қостанайда, Өскеменде көлік шығарылады. Ауыл шаруашылығы саласында да тың жобалар бар. Мәселен ауыл шаруашылығына қажетті глисофатты бұған дейін сырттан тасып келген едік. Енді оны өзімізде шығарамыз. Химиялық тыңайтқыш шығаратын зауыт Оңтүстік Қазақстан облысында салынатын болды.
Жоғарыда айтылған ұлттық бренд туралы бір-екі ауыз сөз, Елбасының осы сапары барысында қазақ-қытай біріккен көлік құрастыру зауытын құру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстандық Allur Group компаниясы, Қытайдың JAC Motors және China National Machinery компаниялары JAC брендімен көлік шығарады. Осы кәсіпорынның негізінде келешекте ұлттық брендке айналатын «темір тұлпар» пайда болмақ.
Елбасы бүгін Қытайда Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70 жылдығына арналған парадқа қатысады.
Мұрағаттан, 2015 ж