Еуропаны босқындар қаптап келеді

Oinet.kz 04-05-2019 1181

Screenshot_2.jpg

Еуроодақ өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгінде Кәрі құрлықтың шекарасын  107 500 босқын торып тұр. 2008 жылдан бері Еуроодақтың шекарасында мұндай нөпір болмаған екен. Ресми деректерге қарағанда, тек Германияның өзінде биыл саяси баспанадан үмітті мигранттар саны  750 мыңға жетіп отыр. Ілгерірек неміс үкіметі баспана сұраушылар саны 450 мыңды құрауы мүмкін деп болжам жасаған болатын. Еуроодақ басшылары сооңғы айларда  мигранттар мәселесін әупірімдеп әрең шешіп отыр. Еуропаның ең қуатты екі елі – Британия мен Франция күннен күнге саны артып жатқан босқындар мәселесін шешуді ынтымақтаса қолға алмақ. 

Өткен айдың өзінде бір Гамбургтің өзінде 5700 адам босқын статусын алу үшін өтініш қағаздарын рәсімдеген, ал Баден-Бюртемберг жерінде (облысында) бұл көрсеткіш 7 мыңға жетіпті. Германиядағы бүгінгі көрсеткіштер 1992 жылғы болған Босния дағдарысы кезіндегі көрсеткіштерден де асып кетті. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар бойынша Жоғарғы Комиссары Антонио Гутьеррес Еуропаның басқа елдерін де  босқындарды қабылдауға үндеп отыр. Штутгарттың интеграция бойынша министрі Билкай Еней: «Келіп жатқан барлық босқындарды қабылдау үшін мен әркүні жаңа көп қабатты үй тұрғызуым керек» дейді. Ал бірақ әзірге көп қаббатты үй емес, Германияда босқындарды қабылдау үшін шатырлы қалашықтар құрылып жатыр.  Әрине, елдің барлық тұрғындары босқындарды құшақ жайып қарсы алып жатыр деуге болмайды. Әлеуметтік шиеленіс күшейіп, Германияның бір қатар аймақтарында босқындар мен жергілікті тұрғындар арасында жанжалдар болып өтті. Мысалы Германияның солтүстік-шығысындағы хостелдердің бірінде тұрып жатқан босқындарды жергілікті тұрғындар файерлермен (отпен) атқылаған. Мыңдаған адамдар наразылық акциясына шығып, өз аудандарында босқындарды орналастыруға қарсылық білдіріп жатыр. 

Германиямен қатар босқындардың нөпірі Швецияға қарай ағыла бастады. Биылғы жылы бұл елден 80 мың адам саяси баспана сұрайды деп күтілуде. 

Бұл Батыс Еуропа елдерінен саяси баспана сұрап, Кәрі құрлыққа қарай ағылып жатқан босқындар қайдан келіп жатыр? Бұл босқындар – Сириядағы азамат соғысының құрбандары. Олар Жерорта теңізі арқылы Италия мен Греция жағалауына келіп, ары қарай Батыс Еуропа елдеріне аттанып жатыр. БҰҰ-ның деректеріне қарағанда өткен аптаның ішінде Грецияға Сириядан 21 мың босқын келіпті, ал жыл басынан бері Еуропаға келген босқындар саны 240 мыңнан асыпты.  

Орталық Азия елдері ішінде босқындарды қабылдау, оларға қолдау көрсету тұрғысынан алғанда Қазақстанның тәжрибесі мен гуманитарлық көзқарасы көршілеріне қарағанда көш ілгері деуге болады. Ауғанстан мен Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде қазақ үкіметі мен жергілікті билік органдары өз қандастарын отқа оранған елдерден аман алып шығып, топтарын жазбай, ауыл-ауыл етіп орналастырды. Қазақтың «Сұлтан сүйегін қорламайды» деген киелі ұғымы өз дәлелін тауып, мыңдаған қандастарымыздың табаны сағынған топырағына тиді. Айта кету керек, көрші Өзбекстан үкіметі Қырғызстанның оңтүстігінде орын алған ұлтаралық қақтығыстан соң өзбек шекарасына қарай беталған өзбектерді қабылдаудан бас тартты. Ал 2005 жылғы Әндіжан оқиғасынан соң мыңдаған өзбектер өз елінен қашып, алғашында Қырғызстаннан, ал кейінрек – Еуропа елдерінен баспана тапты. Сол босқындардың есебінен бүгінде Батыс Еуропа елдерінде өзбек диаспорасы қалыптасып келеді. Елдің елдігі мен мемлекеттің кемелдігі аш адамға – ас-су беру мен босқынға баспана берумен де өлшенеді. 

Мұрағаттан, 2015 ж

Ғабидолла Әбдірахымов: «Шымкент – келген қонақ жылап, қайтқысы келмейтіндей қалаға айналмақ»
Шардарадағы шатақ іске Құлыбаевтың қатысы бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу