Назарбаев: «Шұлық, әскери киім, тіпті азық-түліктің өзін шетелден тасимыз. Ұят!»

Oinet.kz 29-05-2019 15891

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО елдерін халық тұтынатын тауарларды импорттамай, өзі шығаруға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Назарбаев импортталатын тауарларға талдау жасау керектігін айтты.

"Жақында мен бұл жайлы ойландым, сөйтіп қазақстандық құрылымды қарап шықтым. Инфляцияның 50 проценті осы тауарлардың импортынан келіп отыр. Ал егер импортталатын тауарларға зер салсақ, мұның бәрін өзімізде өндіруге болады. Мәселен, халық тұтынатын тауарлар: туфли, шұлық, костюм, жейде, тіпті азық-түліктің өзін шетелден тасимыз. Сүт, ет өнімдерін импорттаймыз. Бірақ, былай қарасақ, осының барлығы өзімізде өндіріледі ғой. Неге енді өз елімізде шығармасқа?!", - деді Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитінде.Ол ЕАЭО елдерінде қандай тұтыну тауарлары шығарылатынына талдау жасайтын комиссия құру қажеттігін атап өтті.

"Мысалы, сүт Беларусьте, Ресейде, бидай Қазақстанда өндіріледі дегендей. Әскерилерге арналған киімнің өзін импорттаймыз. Ұят", - деді Назарбаев.

Шымкенттегі жабайы базарлардың артында кімдер тұр?
Полицияда жемқорлық үдеп кетті дегенге үндемегендік келіскендіктің белгісі ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу