«Әкімдермен кері байланыс орнату қиын болып жатыр»

Oinet.kz 22-05-2019 1665

preview-519718234.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен кері байланыс орнатуға тапсырма бергеннен кейін, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов аудандық деңгейдегі басшылардың жеке телефон нөмірлерін жариялады. Алайда олармен сөйлесу мүмкін емес, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасының жаңалықтар қызметі.

Президенттің тапсырмасынан соң екі ай өткенде, телеарна тілшісі Нұр-Сұлтан әкімі берген телефон нөмірлеріне қоңырау шалып көріпті. Бірақ кейбір басшылар телефондарын көтермеген.

"Қазір әкімдермен байланысу қиын. Мысалы, Есіл ауданының әкімі Қайрат Закарияновтың телефоны күні бойы өшірулі. Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев телефон тұтқасын көтермеді. Whats Аpp желісіне таңертең жазған жазбамызға да кешке дейін жауап бермеді", - дейді тілші.

Ал Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов орыс тілінде қысқа жауап беріпті. Қайта хабарласам деген әкім сол күйі хабарсыз кеткен. Әкімдердің ішінде тек Сарыарқа ауданының әкімімен байланысудың сәті түскен көрінеді."Халық көп хабарласатын басқарма басшыларына да телефон шалып көрдік. Тұрғын үй сертификаты, пәтер кезегі, "7-20-25" бағдарламасына жауапты басқарма басшысының телефоны өшірулі", - дейді телеарна тілшісі.

Ол қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозинмен ғана хабарласа алғанын айтты.

Screenshot_1.jpg


Қаппаров... геосаяси ойындардың құрбаны ма?
Тұрбеков өтірікті қиыстырып айтса қайтеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу