Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан атауын қайтадан Астана деп өзгертуді ұсынды

Oinet.kz 03-09-2022 1895

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының атынан Астана атауын қайтаруға шақырды. 

Screenshot_1.jpg

Ол өз мәлімдемесінде мемлекет басшысының бастамаларын қолдады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа Жолдауын жариялап, тың бастамалар көтерді. Соның ішінде, биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы айтты.

Бұл ұсыныс сарапшылар ғана емес, бүкіл қоғам тарапынан қызу пікір-талас тудырып жатыр. Оны Парламент Мәжілісіндегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері де талқылады. Осыған орай ойымызды ортаға салуды жөн көрдік.  

...Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы мынадай мәлімдеме жасайды:

Біріншіден, біз Қазақстан Республикасы Президентін жеті жылға бір мерзімге сайлау бастамасын қолдаймыз.

Екіншіден, Конституцияға өзгерістерді қазір енгізіп, Президент сайлауын жаңа талаптарға сәйкес осы жылдың күзінде өткізу қажет деп санаймыз.

Жалпы, бұл мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, елімізді орнықты дамытуға жол ашатын маңызды қадам.

Үшіншіден, Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады.

Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді, – дейді Жаңбыршин.

Дархан Қыдырәлі министр болып тағайындалды
Jusan Bank те халықтың несиесін кешіретін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу