Ұлттық экономика министрі Қазақстанның болашағы қандай болатынын айтты

Oinet.kz 27-08-2022 1530

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында елдің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырды.

Screenshot_3.jpg

Министрдің сөзінше, 2023 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3%-ға тең болады. Сыртқы және ішкі параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш сценарийі әзірленген.

“Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне 85 доллар деңгейінде және АҚШ долларының есептік бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9%-ды құрайды, оның ішінде 2023 жылы – 4%", – деді Қуантыров.

Айтуынша, оптимистік сценарий кезінде мұнайдың болжамды бағасы барреліне 110 доллар, АҚШ долларының бағамы 440 теңге деңгейінде анықталған. Экономиканың орташа жылдық өсуі 4,2 % деңгейінде болады деп болжанды.

"Пессимистік сценарийге сәйкес мұнай бағасы барреліне 60 доллар және жалпы ішкі өнімнің болжамды нақты өсуі орта есеппен 3,5%-ға тең болады. Инфляция барлық сценарийлерде 2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде, 2024 жылы 4-5% деңгейінде, 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендейді деп белгіленді", – деді Әлібек Қуантыров.

Өте қисынды және дұрыс - Вице-премьер Шөкеевтің отставкаға өтініш беру туралы
Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдерін жақсы жаңалықпен қуантты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу