«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары «нұрботтарға» қатысты сұраққа жауап берді

Oinet.kz 13-05-2019 1093

Screenshot_10.jpg

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының ашылуында Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев журналистерге "нұрботтардың" бар екенін мойындады. Бірақ ондай әдістерді қолдамайтынын жеткізді, деп хабарлайды Total.kz.

"Қазақстанда ғана емес, барлық жерде саяси партиялар әлеуметтік желідегі жүргізілетін жұмыстарына үлкен мән береді. Бірақ біздің нақты өз ұстанымымыз бар, сіз айтып отырған әдістерді ("нұрботтар" – Total.kz ескертуі) біз қолдамаймыз. Біз өзіміздің партия мүшелерінің әлеуметтік желіде өз атымен ғана жазып, өз атымен белсенді болғанын құптаймыз", – деп түсіндірді Әшімбаев.

Оның сөзінше, биыл Қазақстандағы сайлауда тұңғыш рет әлеуметтік желідегі жұмыстарға ерекше мән берілмек.

"Әлеуметтік желілер маңызды рөлге ие болып отыр. Тұңғыш рет Қазақстандағы сайлауда әлеуметтік желілер осындай үлкен рөлге ие болды. Бұл бүгінгі күннің тренді, біз әлеуметтік желілерге үлкен мән беретін боламыз", – деп қосты Nur Otan төрағасының орынбасары.

Screenshot_1.jpg

Мұстафа Жемилев: «Өмірімде бұдан кейін үлкен қателік жасамадым»
Сарыағашта өмірден түңіліп, өлмек болған жас әйел құтқарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу