Тоқаев билігін Қошановқа тапсырды

Oinet.kz 26-04-2022 3749

Президент Amanat партиясынан шығып, төрағалығын тоқтатты.

Screenshot_15.jpg

"Бүгіннен бастап Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын.

Сондай-ақ, жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Президент съезде. 

Мемлекет басшысы осы орайда партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынатынын айтты.

"Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат", - деді Президент.

Ерлан Қошанов Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарады.

Қаңтар көтерілісі – кедейлер көтерілісі
Жастардың армия қатарына баруға зауқы жоқ - Мәжіліс депутаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу