Тоқаев ескі элитамен қандай реформа жасамақшы?

Oinet.kz 06-04-2022 2034

«Президент бұрын жабылған үш облысты қайта ашу керек, деп халықтың бір бөлігін мәз қылып тастады… Нағыз популистік бағыттағы бұл бастама – шын мәнінде, көпшіліктің көңілінде, әділдіктің қайта орнауы сияқты әсер қалдырды. Әрине, бұл қадам еліміздегі демократиялық өзгерістерге ешқандай әсер етпейді, бірақ Назарбаевтың кезінде жасалған қателіктер қайта орнына келіп жатыр, деген ойды ұялатады». Белгілі саясаткер Дос Көшім осылай деп мәлімдеді.

Screenshot_1.jpg

 - Біріншіден, егер бұл Жолдау – саяси реформаның бастамасы болып, ертең жалғасын тауып, біз күткен жаңа өзгерістер өмірге келіп, жалғасын табатын болса – шүкіршілік деуге болады. Әліптің артын бағайық. Басты мәселенің бірі – осы көтерілген бастамаларды заңға айналдыру жұмысына азаматтық қоғамның өкілдерін, осы мәселелерді отыз жыл бойы көтеріп, айтып жүрген азаматтарды тікелей араластыру қажет.

Екіншіден, өз басым, Жолдауды ұйып тыңдап, анда-санда қол соғып, қолдау білдіріп отырған жандарға қарап, өзімнен өзім ыңғайсыздандым. Олар – үкімет басшылары, облыс әкімдері, депутаттар, т.т. осыдан бірнеше жыл бұрын облыстарды қосқан уақытта да, облыс әкімдері «Нұр Отанның» басшысы болу туралы мәселе көтерілгенде де, дәл бүгінгідей, «қол соғып, қолдап отырған» болатын. Ертең тағы бір президент келіп, сол облыстарды қайтадан қосу керек десе, бұл сабаздардың ол бастаманы да тағы да «бір кісідей  қолдайтыны» анық. Мұндай «элитамен», «ел басшыларымен» Тоқаев мырза қандай реформа жасамақшы?-дейді саясаткер. 

Владимир Жириновский шынымен қайтыс болды (видео)
Болат Назарбаев зауыт директорынан айына 300 мың доллар алып отырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу