Тоқаев енді Қазақстанда N1 адам болды!
Тоқаев Қазақстанда N1 адам болды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Сіздер 01-дің үстел теннисінен әуесқой ойыншы екенін білесіздер ме? Кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған болатын.
Фотода Қазақстанның болашақ Президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті.
Бейжің қаласы, 1986 жыл" - деп жазды Берік Уәли. Ол бұл жерде 01 деп Президент Тоқаевты айтып отыр.
Сонымен қатар баспасөз хатшысы "Борт N1" деп телеграм арна ашты. Мұнда ол Президентке қатысты жаңалықтарды жариялайды. Арнада президентті көбінесе 01 деп жазып жатыр.