«Өзіме үлкен сабақ болды»: Тоқаев Назарбаев туралы өз шындығын айтты

Oinet.kz 17-02-2022 2056

«Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш президентке қатысты ойын айтты.

Screenshot_8.jpg

"Расында, әлеуметтік желіде Тұңғыш Президентіміз туралы әртүрлі ойлар айтылып, жазылып жатыр. Қанша адам болса, сонша пікір болады. Тарихқа қиянат жасамау керек. Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекетіміздің іргесін қалаған, мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан тұлға. Оның қызметіне әділ баға беруге міндеттіміз. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, одан жас басшылар сабақ алуы қажет. Қаңтар оқиғасы елімізге де, менің өзіме де үлкен сабақ болғаны сөзсіз. Тиісті қорытынды жасалды. Қазір елімізде болып жатқан саяси шешімдер − соның нәтижесі. Алдымызда өте көп жұмыс бар. Мұны барлығы көріп, біліп отыр деп ойлаймын",-деді Тоқаев.

«Орыс тілін мойындауымыз керек» Тоқаев не үшін сұхбатты орыс тілінде бергенін айтты
Тоқаев Ішкі істер министрі Тұрғымбаевты қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу