«Мен ауданның қожайыны емеспін, әкімімін» - Сайрам ауданының әкімі
OINET.KZ - «Мен ауданның қожайыны емеспін, әкімімін». Жақында Түркістан облысы, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков бір жиында осылай деді. Жиын барысында оған бір журналист "сіз аудан қожайынысыз" деп айтқанда, Ұласбек Сәдібеков қатты шамданып, журналистті тиып тастады.
- Кешірім сұраймын, сіз журналист адамсыз, "қожайын" деп сөйлеуді қайдан үйреніп алғансыз? Аудан әкімі деп сөйлесеңіз болады ғой. Мен ауданның қожайыны емеспін, - деді аудан әкімі ашуға булығып.
Посмотреть эту публикацию в Instagram